Текст
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды жаңғыртып, бала бойына сіңіріп, достыққа, ептілікке тәрбиелеу
“Шерпек” ойыны баланы ептік пен мергендікке дағдылайды.Ойын 5 кезеңнен тұрады.Әр сызық бойы “кезең” болып саналады.Әр асық 1 ұпайды құрайды.
Ойыншы 1ші кезеңнен 5 кезеңге асықты сызыққа мергендікпен шерту арқылы жетеді. Егер асық кезең сызығына жетпей не асып кетсе ұпай саны есептелінбейді.
Ойынның мақсаты 1 ші кезеңнен 5ші кезеңге жету және максималды ұпай жинау.
Ойын соңында 2 ойыншының ұпайы есептеліп,ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңіске жетеді